Accessibility links

Сарапшылар: ЦРУ тергеудің "қатаң" әдістерін қолданды


ЦРУ-дың Вирджиния штатындағы штаб-пәтері. (Көрнекі сурет).

ЦРУ-дың Вирджиния штатындағы штаб-пәтері. (Көрнекі сурет).

АҚШ сенаты желтоқсанның 9-ында жарияланған есебінде "АҚШ Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) терроризм күдігіне ілінгендерді тергеудің тым қатаң тәсілдерін қолданды, ал пайдаланған техникалары аса қорқынышты болған" деп хабарлады.

Сенаттың барлау жөніндегі комитетінің бес жыл бойы жүргізген тексерістері бойынша даярланған есепте 2001 жылғы 11 қыркүйек күнгі оқиғалардан кейін ЦРУ билікке "қинаудың шектеулі тәсілдерін ғана қолданатыны" туралы жалған ақпарат беріп келгені көрсетілген.

Баяндамада тергеу әдістері "сенімді мәлімет алуға тиімді көмектеспегені және тұтқындарды тергеумен ынтымақтасуға көндіре алмағаны" айтылады.

Баяндамада айтылғандай, ЦРУ дәрігерлер жарақат салуы мүмкін деп ескерткеніне қарамастан "күш қолданған".

БҰҰ-ның адам құқықтары және терроризмге қарсы шаралары жөніндегі сарапшысы Бен Эммерсонның мәлімдеуінше, сенат баяндамасы "Буш әкімшілігі айналасындағы жоғары шенділер ұстанған саясатты" әшкере еткен. БҰҰ өкілі терроризм күдігімен ұсталғандарға қарсы "аса қатаң тәсілдер қолдануға" бұйрық бергендерді жазалауға шақырды.

XS
SM
MD
LG