Accessibility links

Қырғыз-қазақ шекарасында дипломат ұсталды


Қырғызстанынң Қазақстанмен шекарасы. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанынң Қазақстанмен шекарасы. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Өзбекстандағы елшілігінің қызметкері Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында "құпия құжаттармен ұсталды" деп хабарланды.

Қырғызстандық ақпарат құралдарының биліктегі сенімді дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, аты-жөні аталмаған дипломат желтоқсанның 9-ында "құпия құжаттарды" алып бара жатқан жерінде ұсталған. Бұдан өзге ақпарат белгісіз.

Өткен айда қырғыз үкіметінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы, экс-премьер Амангелді Муралиевтің ұлы Алтынбек Муралиев "мемлекеттік маңызы бар құпия құжаттарды жинап, оны шетелге бермекші болды" деген күдікпен ұсталған. Муралиев 1990 жылдардың басында Түркияда оқып, кейін бірнеше жыл Бішкектегі Түркия елшілігінде қызмет істеген.

Желтоқсанның 9-ында аты-жөні аталмаған дипломаттың ұсталғаны мен Муралиевтың қамалуының байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG