Accessibility links

Мәжіліс Арменияның ЕАЭО-ға мүшелік келісімін мақұлдады


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі бүгін Арменияның Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіруі туралы келісімді мақұлдады.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, келісім күшіне енгенде Армения ЕАЭО-ның мүшесі атанып, ЕАЭО және Кеден Одағы туралы келісімдерде қарастырылған міндеттемелерді мойнына алады.

Арменияның ЕАЭО-ға кіруі туралы келісімге қазанның 10-ы күні Минскіде Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армения президенттері қол қойған.

Келісімді желтоқсанның 4-інде Армения парламенті, желтоқсанның 10-ында Ресей мемлекеттік думасы мақұлдаған.

Бұған дейін мәжілістің баспасөз қызметі Азаттыққа келісімнің қашан талқыланатынын айта алмайтынын білдірген.

XS
SM
MD
LG