Accessibility links

Ресейлік құқық қорғаушы Якунин дүние салды


Ресейлік танымал құқық қорғаушы, диссидент Глеб Якунин.

Ресейлік танымал құқық қорғаушы, диссидент Глеб Якунин.

Мәскеуде 81 жасында ауыр науқастан құқық қорғаушы, діндар Глеб Якунин өмірден озды. Бұл жайында ТАСС агенттігіне "За права человека" қозғалысының басшысы Лев Пономарев хабарлады.

Глеб Якунин 1962 жылы дін қызметкері дәрежесін алған. Бірақ сол жылы ұзамай шіркеу билігі оны "тәубесіне келгенге дейін" діни қызмет атқаруына тыйым салады.

Глеб Якунин - Мәскеудегі Хельсинки тобының ең қарт мүшелерінің бірі. Ол диссиденттік қозғалысқа қатысып, саяси тұтқындарға арналған "Пермь-37" түрмесінде 5 жыл отырған. Кейін екі жарым жыл Якутияға жер аударылған.

Якунин 1990 жылдардың басында саяси істермен белсенді айналысып, "Демократиялы Ресей" қозғалысы төрағаларының бірі болды. 1990 жылы Ресей жоғарғы кеңесінің депутатыт болып сайланды, Жоғарғы кеңестің ар-ұждан бостандығы комитетінің төрағасы болды.

1993 жылы Орыс православие шіркеуі Якуниннің атқарушы және өкілетті органдарға сайлануына тыйым салған. Бірақ құқық қорғаушы оған бағынбай мемлекеттік дума депутаты болып сайланды.

Кейін Якунин діни қызметкер атағынан айырылып, діни басшылыққа бағынбағаны үшін Орыс православие шіркеуінен аластатылды.

XS
SM
MD
LG