Accessibility links

Путин Ресейдің жаңа әскери доктринасын бекітті


Ресей президенті Владимир Путиннің ҰҚШҰ отырысына келген сәті. Мәскеу, Кремль, 23 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің ҰҚШҰ отырысына келген сәті. Мәскеу, Кремль, 23 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Ресей әскери доктринасының жаңа редакциясын бекітті.

Ресей қауіпсіздік кеңесі сайтына жарияланған құжатта "әскери қауіптердің Ресей Федерациясының ішкі сферасы мен ақпарат кеңістігіне ойысу тенденциясы байқалғаны" жазылған.

Ал негізгі сыртқы қауіптерге "НАТО қуатының артуы; бұл одаққа халықаралық құқықты бұза отырып, ерекше жаһандық функциялардың берілуі; НАТО әскери инфрақұрылымының Ресей шекарасына жақындауы; көрші елдер аумағында шетелдік әскери контингенттер мен зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің орналасуы; Ресейдің және оның одақтастарының ішкі ісіне араласу және территорияларын тартып алу ниетінің пайда болуы" жатқызылған. Бұдан бөлек, көрші елдерде Ресей мүддесіне қарсы режимдердің орнатылғаны да айтылған.

Ішкі қауіп ретінде "патриоттық, рухани, тарихи дәстүрлерді бұзу мақсатында халыққа, әсіресе жастарға ақпараттық тұрғыда әсер етуге тырысу" көрсетілген.

Ресейге қарулы күштерін қолдануға құқық беретін себептердің бірі ретінде "елден тыс азаматтарын қорғау қажеттігі" аталған.

XS
SM
MD
LG