Accessibility links

Мұнай бағасы тағы арзандады


АҚШ-тың Калифорния штатындағы мұнай бұрғылары. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Калифорния штатындағы мұнай бұрғылары. (Көрнекі сурет).

Нью-Йорк тауар биржасында кеше WTI маркалы мұнай бағасы екі пайызға арзандап, күн соңында бір баррелі 51 АҚШ доллары 63 центті құрады. WTI маркалы мұнай бағасы соңғы бес жылда осынша деңгейде арзандамаған. Мұнымен қатар Лондон биржасында да Brent маркалы мұнайдың ақпан айына белгіленген бағасы 2,6 пайызға арзандап, 57 АҚШ доллары 88 цент болды.

Кеше таңертең Brent маркалы мұнай бағасы Ливиядағы жағдайға байланысты әлемде мұнай өндіру азаюы мүмкін делінген болжаммен уақытша 60 долларға көтерілген еді. Ливияда желтоқсанның 20-сында радикалды исламшылдар елдің ең ірі порттарына шабуыл жасаған. Мұның салдарынан бес терминалда өрт шығып, жүздеген мың баррель мұнай жанып кеткен.

Бірақ Wall Street Journal басылымының жазуынша, сарапшылар Ливиядағы жағдайға қарамастан 2015 жылы әлемде мұнайға қатысты ұсыныс сұраныстан асып кетеді деп болжайды.

XS
SM
MD
LG