Accessibility links

Fitch Ресейдің несие рейтингін төмендетті


Мәскеу қаржы биржасы кеңсесінде отырған трейдер. 9 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәскеу қаржы биржасы кеңсесінде отырған трейдер. 9 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Ресейдің ұзақ мерзімді несие рейтингін «ВВВ» деңгейінен негативті болжаммен «ВВВ –» деңгейіне дейін төмендетті. Ресейдің ұлттық және шетел валюталарындағы ұзақ мерзімдік рейтингі төмендегені туралы ақпарат Fitch сайтында жарияланған.

Агенттіктің Ресей рейтингін төмендетуіне әлемдік мұнай бағасының арзандауы, рубль бағамының құлдырауы және Ресей орталық банкінің несиелік ставка деңгейін 17 пайызға дейін көтеру туралы шешімі ықпал еткен.

Украина дағдарысына байланысты батыс елдері енгізген санкциялар да Ресей экономикасына айтарлықтай әсер етіп отыр. Санкциялар салдарынан ресейлік банктер мен мемлекеттік корпорациялар сырттан қарыз алу мүмкіндігінен айрылған.

Несие рейтингі «ВВВ –» деңгейінен төмен ел экономикасы инвестиция салуға қауіпті екендігін аңғартады.

XS
SM
MD
LG