Accessibility links

Өзбекстан президенті сайлауына төрт үміткер тіркелді


Өзбекстан президенттігіне кандидаттар - қазіргі президент Ислам Каримов (сол жақта) пен Халықтық демократиялық партия басшысы Хатамжан Кетмонов.
Өзбекстан президенттігіне кандидаттар - қазіргі президент Ислам Каримов (сол жақта) пен Халықтық демократиялық партия басшысы Хатамжан Кетмонов.

Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы наурыздың 29-ына белгіленген президент сайлауына үміткер төрт адамды тіркеді.

Сайлауға елдің қазіргі президенті, Өзбекстан либералды-демократиялық партиясы жетекшісі Ислам Каримовтен өзге Халықтық демократиялық партия басшысы Хатамжан Кетмонов, "Адолат" социал-демократиялық партиясы атынан Наримон Умаров пен "Қайта өрлеу" демократиялық-ұлтшыл партиясынан Акмал Саидов тіркелді. Бұл партиялардың ешқайсысы билікке оппозицияда емес.

Қазіргі билікке қарсылар аталған үміткерлер "тек көзбояушылық үшін" тіркелді дейді.

XS
SM
MD
LG