Accessibility links

Астана мен Рим қылмыскер ұстау шартын бекітті


Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньян(сол жақта) мен Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев қылмыскерлерді ұстап беру келісіміне қол қойған сәті. Астана. 22 қаңтар 2015 жыл

Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньян(сол жақта) мен Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев қылмыскерлерді ұстап беру келісіміне қол қойған сәті. Астана. 22 қаңтар 2015 жыл

22 қаңтарда Астанада Қазақстан мен Италия қылмыскерлерді ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі шарттарға қол қойды.

Қол қою рәсіміне қатысқан Италияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Стефано Раваньян: «Енді Италия мен Қазақстанның құқық қорғаушылары тіке хабарласып, бір-бірімен ақпарат алмасып, тәжірбие бөлісе алады» деді.

Қазақстан тарапынан келісімге қол қойған бас прокурор Асхат Дауылбаевтың айтуынша, Астана бұған дейін Испания, Венгрия, Румыния, Болгария және Чехиямен де қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі шарт жасасқан.

Қазақстан мен Италия 2013 жылы қарашада сотталған адамдарды бір-біріне тапсыру туралы келісімге қол қойған.

XS
SM
MD
LG