Accessibility links

Сауд Арабиясы королі қайтыс болды


Сауд Арабиясының 91 жасында уөз жұмған королі Абдулла ибн Абдул-Азиз әл-Сауд.

Сауд Арабиясының 91 жасында уөз жұмған королі Абдулла ибн Абдул-Азиз әл-Сауд.

Сауд Арабиясының 91 жастағы королі Абдулла ибн Абдул-Азиз әл-Сауд қайтыс болды. Бүгін таңертең Сауд Арабиясының мемлекеттік телеарнасы хабарлауынша, король жергілікті уақыт бойынша жұмаға қараған түні қайтыс болған. Корольдің нақты неден қайтыс болғаны айтылмаған, бірақ өткен жылдың аяғында король Эр-Риядта ауруханаға түсіп, өкпе ауруына шалдыққаны анықталған.

Король тағына Абдулланың 79 жастағы өгей інісі, таяуда король міндеттерін жүктеп алған тақ мұрагері Салман ибн Әбдел Әл Сауд отырмақ.

Король Абдулла таққа 2006 жылы отырған. Бірақ ол өзінің алдындағы король Фахд та ауыр науқасқа шалдыққандықтан елді іс жүзінде 1990 жылдардан бастап басқарып келген.​

XS
SM
MD
LG