Accessibility links

Италияның жаңа президенті сайланды


Римдегі Италия президентінің сарайы. (Көрнекі сурет)
Римдегі Италия президентінің сарайы. (Көрнекі сурет)

Сенбі күні Италия парламенті тек төртінші мәрте қайта дауыс беру арқылы ел президентін сайлады. Бұл қызметке 73 жастағы Серджио Маттарелла жеті жыл мерзімге сайланды.

Италияның 12-ші президенті болып сайланған Маттарелла бұған дейін Конституциялық соттың судьясы болып істеген. Оның кандидатурасына биліктегі Демократиялық партия қолдау білдірген.

Жаңадан сайланған президенттің ант беру рәсімі сейсенбі, ақпанның 3-іне белгіленген.

Елдің бұған дейінгі президенті 89 жастағы Джорджо Наполитано қаңтардың 14-і күні отставкаға кеткен болатын.

XS
SM
MD
LG