Accessibility links

Сепаратистер ауыр қару-жарақты әкететінін мәлімдеді


Донецк маңында кетіп бара жатқан сепаратистер әскери колоннасы. Украина, 23 ақпан 2015 жыл.
Донецк маңында кетіп бара жатқан сепаратистер әскери колоннасы. Украина, 23 ақпан 2015 жыл.

Шығыс Украинадағы сепаратистер бүгін түнде қақтығыс аймағынан ауыр қару-жарақтарын әкете бастайтындарын хабарлады.

Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" армиясы басшыларының бірі Эдуард Басуриннің мәлімдеуінше, ауыр артиллерия 2014 жылы 9 қыркүйекте белгіленген әскери іс-қимылдар аймағы сызығынан ЕҚЫҰ миссиясының бақылауымен шығарыла бастайды.

Басуриннің сөзінше, қақтығысты тоқтату келісімін екі жақтың бірдей орындауын Донецк мен Луганскідегі үйлестіру топтары мен Стаханов және Горловка алді мекендеріндегі екі бақылау пункті қадағаламақ.

Ақпанның 23-інде украин армиясы өкілдері сепаратистер атысты тоқтатпай отырғанын айтып, қазір әскери іс-қимылдар аймағы сызығынан ауыр қару-жарақ пен әскери техниканы әкетудің қажеті жоқ деп мәлімдеген.

Кеше Украина арнайы операциялар штабының баспасөз қызметі сепаратистердің бітімді 24 рет бұзғанын хабарлаған. Украина жағының ақпараты бойынша, сепаратистер Донецк мен Мариупольге жақын Пески, Водяное, Красногоровка, Авдеевка, Широкино, Чермалык, Лозовое және Лебединский елді мекендері мен Дутовка шахтасын атқылаған.

XS
SM
MD
LG