Accessibility links

Украина Радасының экс-депутаты қаза тапты


Украина Радасының бұрынғы депутаты Михаил Чечетов.
Украина Радасының бұрынғы депутаты Михаил Чечетов.

Украина астанасында Жоғарғы Раданың Аймақтар партиясынан сайланған бұрынғы депутаты Михаил Чечетов қаза тапқан. Билік орындары экс-депутат өзін өзі өлтірген деп хабарлады.

«Ол 17-қабаттағы пәтерінің терезесінен секіріп кеткен» деген Азаттықтың Украин қызметіне Киев милициясының баспасөз хатшысы Юлия Мусташ.

Марқұм өлерінен бұрын ақтық сөзін хатқа жазып қалдырғаны туралы хабарланды. Бұл қазалы оқиғаға байланысты «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Іс тергеледі. Бірақ барлық жайттар бұл өзін өзі өлтіру оқиғасы екенін көрсетеді» деген Мусташ.

Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі, депутат Антон Геращенконың Facebook парақшасына жазуынша, Михаил Чечетов сенбіге қараған түні сағат бір шамасында қаза болған.

Бұған дейін Украина бас прокуратурасы «билікті теріс пайдаланған» және «қызмет бабында жалға құжат жасаған» деген күдікпен Михаил Чечетовке қарсы іс қозғаған. Ол 2014 жылы қаңтардың 16-сы күні Жоғарғы Рада депутаттары қабылдаған, елдегі наразылық акциялары кезінде тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін заңды әзірлеп, қабылдауға қатысы барлардың бірі ретінде тергеуде болатын. Ақпанның 21-і күні Киев соты Чечетовты қамауға алған, бірақ кейін ол кепіл төлеп абақтыдан босаған.

XS
SM
MD
LG