Accessibility links

Бүгін Мәскеуде Борис Немцовты еске алу шеруі өтеді


Мәскеудің орталығында Борис Немцов қаза тапқан жерге жұртшылық гүл әкеп жатыр. 28 ақпан 2015 жыл.

Мәскеудің орталығында Борис Немцов қаза тапқан жерге жұртшылық гүл әкеп жатыр. 28 ақпан 2015 жыл.

Мәскеуде бүгін, наурыздың 1-і күні Ресей оппозициясы қастандық құрбаны болған оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу шеруін өткізеді.

Немцовтың саяси серігі, «РПР-ПАРНАС» партиясының теңтөрағасы Михал Касьянов қаралы шеру өткізу туралы кеше Мәскеу билігінің келісімін алған. Шеруге қатысушылар Славян алаңынан Немцов қаза тапқан жерге дейін жүріп өтпек. Шараға 50 мыңдай адам қатысады деп белгіленген.

Бүгінгі қаралы шеру бұған дейін оппозиция наурыздың 1-і күні Мәскеудің Марьино ауданында өткізуді жоспарланған «Весна» шеруінің орнына өтетін болады.

Саясаткер қаза болған жерге сенбі күні жұртшылық гүл шоқтарын қойып, шырақтар жақты. Ресейлік «Мемориал» құқыққорғау ұйымы ақпанның 28-і күні жариялаған мәлімдемесінде Немцовтың қазасын «саяси қастандық» деп атаған.

«Бүгін біз қылмысты орындаушылар, ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілер кім екенін әлі білмейміз. Бірақ біз Борис Немцовты өлтірудің барлық алғышарттарын нақты ресейлік билік жасағанын айқын сеніммен айта аламыз» делінген үндеуде.

Борис Немцовты жұма күні кешкісін Мәскеудің орталығында белгісіз біреулер ту сыртынан бірнеше рет атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG