Accessibility links

Алматыда белсенділер Немцов қазасына көңіл айтты


Бүгін Алматыдағы Ресей елшілігі алдына он шақты белсенді қастандықтан қаза тапқан Ресей оппозициясының басшысы Борис Немцовты еске алуға жиналды.

Белсенді Тазабек Сәмбетбай бастаған он шақты адам елшілік алдына гүл шоқтарын қойып, Немцовтың отбасы мен жақындарына көңіл айтатындарын білдірді. Сәмбетбай "Ресей оппозиция өкілінің қазасы бізге де ортақ. Қазақстанда да осы сияқты оппозиция белсенділеріне қастандық жасалған" деді.

Оппозициялық РПР-ПАРНАС партиясы төрағаларының бірі, Ярославль облыстық думасының депутаты Борис Немцовты 27 ақпанда Мәскеудің орталығында белгісіз біреулер атып кеткен. Ресей мен шетелдерде оның қазасына орай көңіл білдіріп, еске алу шаралары өтіп жатыр.

Борис Немцов бүгін Мәскеуде жерленеді.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG