Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан жеті адам мерт болды


Гильменд провинциясында жүрген Ауғанстан әскерилері.

Гильменд провинциясында жүрген Ауғанстан әскерилері.

Ауғанстан үкіметі 3 наурыз күні Гильменд провинциясындағы әскери базалардың бірінің маңында жанкешті өзін көліктің ішінде жарып, оқиғадан жеті адам қаза тауып, тағы жеті кісінің жараланғанын хабарлады.

Гильменд провинциясының полицейі Фарид Ахмад Обаидтің айтуынша, жанкешті Сангин ауданындағы әскери базаны жармақ болған.

​Әзірге жарылысты ешқандай ұйым мойнына алған жоқ.

Ауғанстан үкіметі ақпаннан бері Гильмендте "Талибанмен" күресті күшейткен.

XS
SM
MD
LG