Accessibility links

Ангела Меркельден Савченконың анасы жәрдем сұрады


Надежда Савченко Мәскеудің Басман сотында. 4 наурыз 2015 жыл.
Надежда Савченко Мәскеудің Басман сотында. 4 наурыз 2015 жыл.

Ресейде қамауда отырған украиналық әскери қызметкер Надежда Савченконың анасы Мария Савченко қызын бостандыққа шығаруға жәрдем сұрап Германия канцлері Ангела Меркельге үндеу жолдады. Оның мәтінін сенбі күні германиялық Bild газеті жариялаған.

Украинаның Луганск қаласы маңында мерт болған ресейлік журналистердің қазасына қатысы бар деген айып тағылған Надежда Савченко былтыр жаздан бері Ресей абақтысында қамауда отыр. Журналистер қазасына қатысы жоғын және өзін сепаратистер Ресейге күштеп әкелгенін айтқан Савченко тағылған айыптарға наразылық ретінде 80 күннен аса аштық акциясын өткізді.

Наурыздың 6-сы күні Савченко аштықтан біртіндеп шығу үшін өзіне арнайы диета дайындап беруді сұрап дәрігерлерге өтініш жасағаны хабарланған.

Жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысында осы ұйымның және АҚШ пен Ұлыбритания өкілдері Ресейден Надежда Савченконы дереу бостандыққа шығаруды талап еткен.

Надежда Савченко – Украина Жоғарғы Радасының депутаты және Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы украиналық делегацияның мүшесі.

XS
SM
MD
LG