Accessibility links

Ресей журналисі өзін қорғауды сұрайды


Ресейлік журналист Сергей Пархоменко.
Ресейлік журналист Сергей Пархоменко.

Ресейлік журналист Сергей Пархоменко өзіне әлдекімдер телефон шалып қорқытқанын айтып полицияға шағым түсірді.

Мәскеу полиция басқармасы журналистің арызы бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Адам өлтіру жайлы қоқан-лоқыға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Ресейде 1996 жылдан 2014 жылдарға дейін шығып тұрған «Итоги» қоғамдық-саяси апталық басылымының негізін қалаған журналист Сергей Пархоменко қазір «Эко Москвы» радиосында сараптамалық бағдарламаларды жүргізеді.

XS
SM
MD
LG