Accessibility links

Қар мен бұрқасын салдарынан Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарындағы үлкен жолдарда көлік қозғалысына шектеу күшінде қалып отыр деп хабарлайды Tengrinews сайты «Қазавтожол» кәсіпорнынан сілтеме жасап.

Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген. Қарағанды облысындағы жолдарда қозғалыс ішінара тоқтатылған, тек кейбір жол учаскелерінде көлік құралдарының жүруіне рұқсат етілген.

Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда – Павлодар жолының кейбір тұстарында және Қызылордадан Қарағанды облысы шекарасында дейінгі жол бойында барлық көлік құралдарының қозғалысы шектелген.

XS
SM
MD
LG