Accessibility links

Алматыда «Дон Кихот» балеті қойылды


Нидерланд корольдігі ұлттық балетінің прима-балеринасы Анна Цыганкова. Алматы, 17 наурыз 2015 жыл.
Нидерланд корольдігі ұлттық балетінің прима-балеринасы Анна Цыганкова. Алматы, 17 наурыз 2015 жыл.

Бүгін Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылған «Дон Кихот» балетінде көрермендер Еуропадан келген Анна Цыганоква мен Вадим Мунтагировтың өнерін тамашалады.

Алматыдағы бүгінгі қойылымда Китри мен Базильдің партияларын орындаған Анна Цыганкова мен Вадим Мунтагировтың бұл алғаш рет бірге өнер көрсетулері.

Людвиг Минкустың музыкасына жазылған «Дон Кихот» балетін орындау өте күрделі техниканы меңгеруді қажет етеді дейді мамандар.

Анна Цыганкова Ресейде Новосибирскінің хореографиялық училищесін бітірген соң Мәскеудегі Үлкен театрдың балет труппасында алты жыл жұмыс істеп, кейін Венгрияның ұлттық балетіне ауысқан. 2007 жылдан бастап Нидерланд корольдігі ұлттық балетінің прима-балеринасы.

Вадим Мунтагиров Ресейдің Пермь қаласындағы хореографиялық училище мен Лондонның корольдік балет мектебінің түлегі. Лондонда үш жыл білім алған соң ағылшын театрында жұмыс істеген. 2014 жылы ол Covent Garden театрына ауысқан.

XS
SM
MD
LG