Accessibility links

Лавров "норманд төрттігі" кездесуін қайта өткізуге шақырды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров таяу арада Украинадағы дағдарысты бейбіт реттеуге қатысты "Норманд төрттігінің" кездесуін өткізуге шақырды.

Лавровтың сөзінше, ол ендігі Германия мен Франция сыртқы істер министрлерімен сөйлесіп, "жағдайды ушықтырмас" үшін кездесудің жаңа кезеңін өткізуді ұсынған.

17 наурызда Украина парламенті - Жоғарғы Рада елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аймақтарға ерекше мәртебе мен шектеулі өзін-өзі басқару құқығын беру туралы заң жобасын мақұлдаған. Жоба бойынша, ерекше мәртебе мен шектеулі өзін-өзі басқару құқығы бұл аймақта Украина заңдарына сай және халықаралық қауымдастықтың бақылауымен сайлау өткеннен кейін ғана беріледі.

Ресейшіл сепаратистер мен Мәскеу "заң жобасы Минскіде 12 ақпанда жасалған Шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтату келісімінің шарттарын бұзады" дейді.

XS
SM
MD
LG