Accessibility links

Назарбаев, Путин мен Лукашенко кездесіп жатыр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада), Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада), Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин және Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін Астанадағы кездесуде сауда-саттық пен Украинадағы дағдарысты талқылап жатыр. Назарбаевтың айтуынша, Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) үшін келесі жыл сын, қатер көп болмақ.

- Біздің қазіргі міндет - осы жағдайды талқылап, келісім жасау. 2015 жылы да меніңше, ЕАЭО үшін үлкен сын, қатер жылы болады. Біз үш ел арасындағы сауда-саттық пен биыл не істейтінімізді талқылаймыз, - деген Назарбаев.

Беларусь президенті Александр Лукашенко "үш елдің жыл сайын әйтеуір бір қауіптерге жауап қатуға мәжбүр болатынын" айтқан.

- Қазір де белгілі бір қауіптер бар. Бірақ, біз құрған экономикалық одақ бәрібір уақытында қимылдағанымызды көрсетеді, - деген Лукашенко.

Үш ел президенттерінің кездесуі әуелде наурызың 12-інде өтеді деп жоспарланған. Бірақ, көпшілікке белгісіз себептермен, кездесу 20 наурызға шегерілген.

XS
SM
MD
LG