Accessibility links

Қазақстан футбол құрамасы Исландиядан жеңілді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Сенбі күні Астанада өткен 2016 жылғы Еуропа футбол чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан ұлттық құрамасы Исландия командасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл кездесуде Қазақстан қақпасына алғашқы допты ойынның жиырмасыншы минутында бәсекелес команда шабуылшысы Эйдур Гудьонсен салды. Арада он екі минут өткенде оның командаласы Биркир Бьярнасон екінші допты қақпаға баспен соғып кіргізді. Екінші таймның соңында Бьярнасон Қазақстан қақпасына және бір доп енгізді.

Енді наурыздың 31-і күні Қазақстан құрамасы Ресей футболшыларымен кездеседі.

XS
SM
MD
LG