Accessibility links

Қырғызстан экс-мүфтиі Қазақстанда ұсталды


Қырғызстанның бұрынғы мүфтиі Рахматулла Эгембердиев.

Қырғызстанның бұрынғы мүфтиі Рахматулла Эгембердиев.

Оңтүстік Қазақстан облысында Қырғызстан құзырлы орындарының сұрауы бойынша, сол елдің бұрынғы бас мүфтиі, "салық төлеуден жалтарды" деп айыпталған Рахматулла Эгембердиев ұсталған.

"Интерфакс" агенттігінің Сарыағаш аудандық сотының судьясы Берік Қайыповқа сілтеме жасап хабарлауынша, Қырғызстан экс-мүфтиі Рахматулла Эгемберидиевті уақытша қамауға алу туралы 29 наурызда санкция берілген.

Судьяның сөзінше, Эгемдербиев "Қырғызстаннан саяси себептермен кетуге мәжбүр болғанын" және Қазақстаннан саяси баспана сұрамақ ойы барын айтқан. Қазір бұрынғы мүфтий уақытша қамау абақтысында отыр.

Жас әйелмен төсекте жатқан сәті түсірілген видео интернетте тарап кеткен соң Рахматулла Эгембердиев Қырғызстан бас мүфтиі қызметінен отставкаға кеткен.

XS
SM
MD
LG