Accessibility links

Ресей украиналық тұрмыстық химия импортына тыйым салды


Мәскеудегі сауда орындарының бірінде. (Көрнекі сурет)
Мәскеудегі сауда орындарының бірінде. (Көрнекі сурет)

«Роспотребнадзор» мекемесі Украинада шығарылған «Мистер Мускул» және «Туалетный утенок» сияқты тұрмыстық тауарлар импортына тыйым салуын осы заттардың «гигиеналық талаптарға сай еместігі» және «тітіркендіретін әсері» болғанымен түсіндірген.

Сонымен қатар аяқ киімге арналған Kiwi кремі, Glade хош иістендіргіші және тарақанға қарсы қолданатын Raid дәрісі де тыйым салынған заттар тізіміне енгізілген. Бұлар – тұрмыстық химия тауарларын шығаратын америкалық SC Johnson компаниясының Украинадағы еншілес кәсіпорны – «СК Джонсон» фирмасының өнімдері.

Ресей 2014 жылы Украинадан бірқатар тауар түрлерін, атап айтқанда, көкөніс пен жеміс-жидектер, сыр, бұршақ, жүгері жармасы, шырын, жеміс-жидек, көкөніс және балық конвервілері, сүт және сүт өнімдері, алкогольдік ішімдіктер мен тәттілерді әкелуге тыйым салған.

XS
SM
MD
LG