Accessibility links

Петр Порошенко: АТR хабар таратуды жалғастырады


Қырымдағы ATR телеарнасының "Заман" жаңалықтар редакциясы. 31 наурыз 2015 жыл.

Қырымдағы ATR телеарнасының "Заман" жаңалықтар редакциясы. 31 наурыз 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко украиналық «Бесінші телеарнаға» сұхбатында «оккупациялық биліктің» Қырым татарларының ATR телеарнасын жабу туралы шешімін айыптады. Ол ATR телеарнасы хабарларын «Украинаның күллі аймағына» таратуға жағдай жасалатын болады деп уәде берді. Редакцияның, журналистер мен техникалық қызметшілердің жұмысы да Украина жерінде ұйымдастырылмақ. Ал телеарнаның штаб-пәтері Киевте орналаса ма деген журналист сауалына Порошенко «ол да мүмкін» деп жауап берген.

Бұған дейін Түркия Қырым татарларының құқықтары қалай сақталып отырғанымен танысу үшін түбекке бейресми миссия жібермек ниетте екендігі хабарланған. Түркия мемлекеті Ресейге Батыс елдері салған санкцияларға қосылған жоқ, бірақ, Ресейдің Қырымды аннексиялауын «ешқашан заңды деп танымайтынын» мәлімдеген.

Қырым татарларының тәуелсіз ATR телеарнасы ресейлік билік шешімімен сәуірдің 1-інен бастап қызметін тоқтатқан. АҚШ Мәскеудің бұл ісін айыптаған.

XS
SM
MD
LG