Accessibility links

Хоккейші қыздар Хорватияны 12:1 есебімен жеңді


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Әйелдер арасында хоккейден әлем чемпионаты екінші дивизионының «А» тобында өткен кезекті ойында Қазақстан құрамасы Хорватия командасын 12:1 есебімен жеңді. Бұл матчта қазақстандық Зарина Тухтиева бәсекелестің қақпасына үш шайба салды.

Бұған дейін Оңтүстік Корея (2:0), Польша (4:1) және Жаңа Зеландия (10:0) ойыншыларын ұтқан Қазақстан құрамасы қазір өз тобында көш бастап тұр. «А» тобының ойындары Шотландияның Дамфрис қаласында өтіп жатыр.

Қазақстандық хоккейші қыздар бүгін, сәуірдің 5-і күні бұл топтағы соңғы ойында өзінен кейінгі орындағы Ұлыбритания командасымен кездеседі.

XS
SM
MD
LG