Accessibility links

БҰҰ: Донбаста қаңтардан бері 400 тұрғын өлді


Донецк облысының Широкино елді мекенінде ұрыста қаза тапқан "Азов" батальонының ерікті сарбазы маңында тұрған ЕҚЫҰ бақылаушылары мен украин әскері. Донецк облысы, 15 сәуір 2015 жыл.
Донецк облысының Широкино елді мекенінде ұрыста қаза тапқан "Азов" батальонының ерікті сарбазы маңында тұрған ЕҚЫҰ бақылаушылары мен украин әскері. Донецк облысы, 15 сәуір 2015 жыл.

БҰҰ дерегі бойынша, Шығыс Украинада жыл басынан бері тұрғын үйлер орналасқан аудандарды жөнсіз атқылау мен мина жарылысынан 400-ге тарта бейбіт тұрғын қаза тапты.

Қақтығыс басталған бір жылда елдің ішінде көшіп-қонып жүрген адам саны 1 миллион 200 мың адамнан асқан. БҰҰ бұған қоса ұйымның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Украинада гуманитарлық операциялар жүргізуге сұраған қаржысының тек сегіз пайызын алғанын айтады.

Ал Украина армиясы арнайы операция баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Донбаста кешкілік ресейшіл сепаратистер қақтығысты тоқтату режимін тағы бұзған. Авдеевка, Песков, Опытного және Красногоровка елді мекендеріндегі украин әскерилерінің позициялары минометтен атқыланған.

Донецк облысының оңтүстік аймақтарында украин әскері Талаковка, Широкино, Орловский және Володарский елді мекендері маңында қарсыластың алты рет ұшқышсыз басқарылатын аппараттары ұшып жүргенін байқаған.

Ал Киев сепараитстердің украин әскерилерін атқылауы қарқыны жалпы алғанда бәсеңсіген дейді. Луганск облысында кеше кешке қақтығысты тоқтату режимі бұзылғаны байқалмаған.​

XS
SM
MD
LG