Accessibility links

Италия апатқа ұшыраған мигранттар кемесі капитанын ұстады


Италиялық құтқару кемесі кеме апатынан қаза тапқан мигранттар женесін алып келеді. 20 сәуір 2015 жыл.
Италиялық құтқару кемесі кеме апатынан қаза тапқан мигранттар женесін алып келеді. 20 сәуір 2015 жыл.

Италия билігі Жерорта теңізінде апатқа ұшыраған мигранттар мінген кеменің аман қалған капитаны мен экипаж мүшесін "адам саудасымен айналысты" деген күдікпен тұтқындады. Сириялық капитан мен экипаж мүшесі құтқарушылар қайығымен апаттан құтқарылған 27 адаммен бірге Сицилияға жеткізілген соң тұтқындалған.

19 сәуір күні Ливия жағалауларына жақын маңда мигранттар мінген кеменің апатқа ұшырауынан 900 адам қаза тапты.

Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини кеме апаты "адам саудасының кесірі қандай болатынына Еуропа Одағының көзін ашты" деді.

Италия премьер-министрі Маттео Ренци Жерорта теңізімен заңсыз мигранттар тасымалдауды ортағасырлардағы африкалық құлдар саудасымен салыстырды.

ЕО-ға мүше елдер сыртқы істер министрлері кеше Люксембургте Еуропа комиссиясы ұсынған "Жерорта теңізімен Еуропаға өтетін мигранттар санын шектеу туралы" 10 бөлімнен тұратын бағдарламаны мақұлдаған. Бағдарламада миграциялық қозғалысты бақылауды күшейту, әсіресе Грекия мен Италияда тіркеу ережелерін қатайту қарастырылған. Бұған қоса, теңізде заңсыз адам тасымалдау мен кеме апаттары кезіндегі құтқару операцияларын жетілдіру жоспары да бар.

Заңсыз миграцияға тосқауыл қою мәселесі ЕО елдері басшыларының Брюссельде 23 сәуір күні өтетін төтенше саммитінде де талқыланбақ.

XS
SM
MD
LG