Accessibility links

Байқоңырдан ұшқан "Протон" өртеніп кетті


Ресейдің "Протон-М" зымыраны. Байқоңыр, 30 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейдің "Протон-М" зымыраны. Байқоңыр, 30 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейдің "РИА Новости" ақпарат агенттігі 16 мамыр күні таңертең "Байқоңырдан ұшқан "Протон-М" зымыран тасығышының үшінші сатыдағы қозғалтқышынан ақау шыққанын, зымыран тасығыш орбитаға апаруы тиіс MexSat-1 спутинігі жоғалып кеткенін хабарлаған еді.

Түстен кейін Ресейдің "Роскосмос" агенттігі "апаттың 161 километр биіктікте болғанын, MexSat-1 спутнигі мен ғарыштық аппараттың толығымен жанып кеткенін" хабарлады. Агенттіктің ақпаратына қарағанда "жанбай қалған қалдықтардың жерге құлауы байқалмаған, спутник сақтандырылған".

Ал "РИА Новости" агенттігі "Протон-М" зымыран тасығышының "Бриз-М" қозғалтқышындағы улы гептил Чита облысының (Ресей) атмосферасына тарауы мүмкін" деп хабарлайды. Басылым Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің "Мексика спутнигі тиелген "Протон" ғарыш аппаратының апатынан адам шығыны немесе басқа да зардаптар болған жоқ" деген ақпаратын да таратты.

2013 жылы 2 шілде күні Байқоңырдан ұшырылған ресейлік "Протон-М" зымыран-тасығышы бірнеше секундтан кейін жерге құлап, жарылған еді. Бұдан соң Қазақстанда "Антигептил" қозғалысы құрылып, белсенділер бірнеше мәрте Байқоңырдан гептил тұтынатын Ресей зымырандарын ұшырмауды талап етіп, акциялар өткізген.

XS
SM
MD
LG