Accessibility links

Шығыс Украинада атыстан бірнеше сарбаз өлді


Украин армиясының сарбазы. Көрнекі сурет

Украин армиясының сарбазы. Көрнекі сурет

22 мамыр күні Украинаның шығысында ел әскері мен ресейшіл сепаратистер атысып қалып, 3 сарбаздың оққа ұшқаны және 12-сінің жараланғаны хабарланды. Бұл оқиға екі тарап арасындағы оқ атпау келісімін одан сайын әлсіретті.

Украинаның терроризммен күрес операциялары бойынша өкілі Андрей Лысенконың сөзінше, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы бірнеше ауданда және Донецкіге жақын маңда әскерді сепаратистер ірі калибрлі қарумен атқылаған.

Өкілдің сөзінше, Донецкінің солтүстік жағындағы Горловка ауылында кескілескен миномет ұрысы жүрген.

Украинаның шығысында былтырғы көктемнен бері ел әскері мен өздерін "Донецк және Луганск халық республикалары" деп жариялап алған сепаратистер қақтығысып жатыр. Биыл екі тарап оқ атпау туралы келісім жасаса да, аракідік атыс тоқтамай тұр.

XS
SM
MD
LG