Accessibility links

Польшада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр


Сайлау учаскелерінің біріне кіріп бара жатқан адамдар. Польша, 24 мамыр 2015 жыл.
Сайлау учаскелерінің біріне кіріп бара жатқан адамдар. Польша, 24 мамыр 2015 жыл.

Польшада бүгін ашылған 27 мыңнан аса сайлау учаскелерінде ел президенті сайлауының екінші кезеңіне дауыс беру өтіп жатыр.

10 мамырда өткен президент сайлауының алғашқы кезеңінің нәтижесі бойынша, екінші кезеңге сайлаушылардың 34,8 пайызы қолдау білдірген оппозициялық «Құқық және әділеттілік» партиясының өкілі Анджей Дуда мен бірінші турда 33,8 пайыз дауыс жиған Польшаның қазіргі президенті Бронислав Коморовский түсіп отыр.

Жұма күнгі әлеуметтік зерттеу нәтижесі Дуда саяси бәсекелесі Коморовскийден жарты пайыз ғана артық қолдауға ие болып тұрғанын көрсеткен.

Парламенттік билік жүйесі орныққан Польшада президент негізінен өкілеттік қызметтер атқарады. Польшада кезекті парламент сайлауы биыл күзде өтуі тиіс.

XS
SM
MD
LG