Accessibility links

Сәкен Тулбаевтың соты орыс тілінде өтпек


Діни алауыздықты қоздырды деп айыпталған Алматы тұрғыны Сәкен Тулбаев. Алматы, 27 мамыр 2015 жыл.
Діни алауыздықты қоздырды деп айыпталған Алматы тұрғыны Сәкен Тулбаев. Алматы, 27 мамыр 2015 жыл.

Алматының Бостандық аудандық сотында бүгін "діни алауыздықты қоздырды" және "тыйым салынған діни ұйымға мүше болды" деп айыпталған алматылық тұрғын Сәкен Тулбаевтың ісі бойынша сот жалғасты. Сотты судья Арай Нұғманова жүргізіп жатыр.

Сот отырысы Тулбаевтың адвокаты Жандос Бұлхайырдың істі прокуратураға қайтару туралы өтініші бойынша шыққан шешімді жариялаумен басталды. Бұлхайыр соттан Тулбаевтың қазақ тілін жақсы білмейтінін айтып, сотқа дейінгі тергеу қазақ тілінде қазақ тілінде жүргендіктен тергеуде оның құқықтары бұзылды деп істі қайтаруды сұраған.

Судья Нұғманова адвокаттың өтінішін жартылай ғана қанағаттандырып, прокурорды Сәкен Тулбаевтың іс материалдарын қазақ тілінен орыс тіліне аударуға және аударылған істі 8 маусымға дейін сотқа тапсыруды міндеттеді. Судья бұған қоса Тулбаевтың сотын орыс тілінде өткізуге шешім шығарды.

Судья Нұғманова сотталушы Тулбаев пен оның адвокаты Бұлхайырға прокуратура істі орыс тіліне аударып сотқа тапсырған соң сот материалдарымен танысуға мүмкіндік берді.

Сот отырысынан соң Жандос Бұлхайыр Азаттық тілшісіне судьяның шешімімен келіспейтінін айтты. Оның пікірінше, судьяның шешімі іс жүзінде Тулбаевтың "тергеу кезінде бұзылған құқықтарын қалпына келтіре алмайды.

Сәкен Тулбаев "Таблиғи Жамағат" діни ұйымының қызметіне қатысты деп айыпталып отыр. Астана соты бұған дейін бұл ұйымды экстремистік деп танып, Қазақстанда қызмет етуіне тыйым салған. Тулбаев өзінің "Таблиғи Жамағат" ұйымына мүше болғанын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG