Accessibility links

Мариупольде жағалау күзеті катері минадан жарылды


Украина жағалау күзетінің катері. (Көрнекі сурет).

Украина жағалау күзетінің катері. (Көрнекі сурет).

Украинаның Мариуполь қаласында теңізде тұрған жағалау күзетінің катері минадан жарылды. Жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, бес адам жараланды.

Украина мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, катер капитаны із-түзсіз жоғалған. Оқиға салдарынан әуелде алты адам ауруханаға түсіп, кейін олардың бірі ауруханада көз жұмған. Жарылысқа қатысты әзірге өзге ақпарат белгісіз.

Мариуполь - Украина шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыс ошақтарының бірі. Азов теңізі жағалауындағы бұл қала Украинаның сепаратистер бақылауындағы облыстарды Ресей өткен жылы аннексиялап алған Қырым түбегімен байланыстыратынмаңызды маршрут бойында орналасқан.

XS
SM
MD
LG