Accessibility links

TV5Monde-ге шабуылға ресейлік хакерлер күдікке ілінді


Өздерін "Ислам мемлекеті" ұйымынанбыз деген хакерлердің TV5Monde телеарнасының Facebook-тегі парақшасын бұзып, жазып қалдырған жазбасы. 9 сәуір 2015 жыл.
Өздерін "Ислам мемлекеті" ұйымынанбыз деген хакерлердің TV5Monde телеарнасының Facebook-тегі парақшасын бұзып, жазып қалдырған жазбасы. 9 сәуір 2015 жыл.

Франциялық тергеушілер TV5Monde телеарнасының интернет ресурсына жасалған кибер шабуылды Ресейде орналасқан хакерлер ұйымдастырды деп күдіктенетінін мәлімдеді.

Сәуір айында өздерін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобынанбыз деген хакерлер телеарна мен оның сайтына және әлеуметтік желілердегі парақшаларына бақылау орнатып, телеарна сайтына жиһадқа шақыратын сөздер жариялаған.

Франциялық ақпарат құралдары құқық қорғау орындарына сілтеме жасап полицияның тергеуде APT28 деген атпен белгілі ресейлік хакерлер тобына назар аударып отырғанын хабарлады.

L'Express журналының жазуынша, бұл топ бұған дейін АҚШ президенті әкімшілігінің сайтын, НАТО-ға мүше елдердің, ресейлік диссиденттер мен украиналық белсенділердің компьютерлік желілерін бұзбақ болған.

TV5Monde хакерлік шабуылды "телеарна тарихындағы бұрын-соңды болмаған оқиға" деп атаған. Телеарна басшылығы шабуылдан соң сайт қалпына келтірілген 18 сағатқа дейін бұрын жазып алынған бағдарламаларын тарата тұруға мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG