Accessibility links

ХҒС экипажы бүгін Жерге оралады


Халықаралық ғарыш станциясы. (Көрнекі сурет).

Халықаралық ғарыш станциясы. (Көрнекі сурет).

Ресейлік "Союз" ғарыш кемесінің капсуласы жоспар бойынша бүгін Жерге Халықаралық ғарыш станциясында болған екі астронавт пен ресейлік ғарышкерді жеткізеді. Жерге станция командирі, америкалық Терри Верст, екі борт инженер - ресейлік Антон Шкаплеров пен италиялық Саманта Кристоферетти оралады. Үш ғарышкер ХҒС-да 199 күн болды.

Осы апта басында ХҒС-да оқыс оқиға болып, станция орнынан ауытқыған еді. Роскосмостың мәлімдеуінше, техникалық ақау бұған дейін белгіленген ғарышкерлердің Жерге оралу жоспарын өзгертпеген.

9 маусымда ХҒС радио жүйесін жоспарлы тексеру кезінде станциямен түйісіп тұрған екі "Союз" кемесінің бірінің қозғалтқышының өздігінен жұмыс істеп кетуінен станция орнынан жылжып кеткен еді. Ресей мен АҚШ ғарыш агенттіктерінің хабарлауынша, қазір станциядағы жағдай тұрақтанған.

XS
SM
MD
LG