Accessibility links

Бакуден австриялық 2 спортшы еліне қайтарылды


Еуропа ойындарына қатысуға барған Австрия атлеттері.

Еуропа ойындарына қатысуға барған Австрия атлеттері.

Бакуде жол апатына ұшыраған Австрияның синхронды жүзуден қыздар құрамасы Еуропа ойындарының топтық жарыстарына қатыса алмайтын болды.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, 11 маусым күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:30-да Австрия спортшылары топ болып келе жатқанда ту сыртынан келіп автобус қаққан. Үш спортшы жараланған, оның біреуінің жарақаты ауыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Австрия олимпиада комитеті спортшыларының жарақатына байланысты синхронды жүзуден командалық жарысқа қатысудан бас тартқан. Спортшылар тек жекелей түрде ғана жарысқа шығады.

Бакудегі Еуропа ойындары 12 маусымда басталып, 28 маусымда аяқталады. Олимпиаданың ашылу салтанаты бүгін кешке өтеді.

XS
SM
MD
LG