Accessibility links

ИМ-дегі "қазақ содыры" жайлы мақала ашылмай тұр


ИМ содыры "Артем Авдеев" жариялаған суреттің бірі.
ИМ содыры "Артем Авдеев" жариялаған суреттің бірі.

Азаттықтың Сирияда жүрген Орталық Азиядан шыққан қазақ балалары суреттерін жариялаған содыр туралы мақаласына бүгін Қазақстандағы біраз оқырман кіре алмай отыр.

17 маусымда Азаттықтың орыс тіліндегі сайтында жарияланған өзін «Сирияға Қазақстанның Каспий теңізі жағалауындағы Атырау қаласынан бардым" деген "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымының содыры туралы мақалада бірнеше баланың суреті басылған еді. Өзін "Артем Авдеев" деп таныстырған содыр "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасына ИМ бақылауындағы территорияларда жүрген "Орталық Азиядан барған балалардың" суреттерін жариялаған. Ол суреттердегі бір ұл мен бір қызды "өз балаларым" деп таныстырған.

Қазақстандағы ең ірі интернет провайдері саналатын "Қазақтелеком" компаниясының баспасөз қызметі Азаттыққа ресми сауал жолдауды сұрап, мақаланың не себепті ашылмай тұрғанына қатысты түсінік бермеді.

Қазақстанда бұған дейін де Сириядағы "қазақ жиһадшылары" жайлы материалдар ашылмай қалған.

XS
SM
MD
LG