Accessibility links

ОҚО-да 608 түлек «Алтын белгі» алды


Оңтүстік Қазақстан облысының түлектеріне"Алтын белгі" тапсыру салтанаты. Шымкент, 24 маусым 2015 жыл.
Оңтүстік Қазақстан облысының түлектеріне"Алтын белгі" тапсыру салтанаты. Шымкент, 24 маусым 2015 жыл.

Шымкенттегі жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы алаңда оңтүстік қазақстандық 608 мектеп бітірушіге «Алтын белгі» табысталды.

24 маусым күні кешке өткен шараға «Алтын белгі» иегерлерімен бірге олардың ата-аналары, ұстаздары қатысты. Түлектерге «Алтын белгіні» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Мырзахметов табыстады.

Сонымен бірге мерекелік шарада ұлттық бірыңғай тестілеуде 125 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген Лаура Әбдіәзимоваға 500 мың теңгенің сертификаты салтанатты түрде табыс етілді. Ал Оңтүстік Қазақстандағы ең жоғарғы көрсеткіш 35 оқушысы «Алтын белгі» иегері атанған Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның директоры алғыс хатпен марапатталды.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 437 түлек «Алтын белгі» иегері атанған болатын.

XS
SM
MD
LG