Accessibility links

"Қазақ хандығына 550 жыл" монеталары шықты


Қазақстанның айналымнан шығарылған алғашқы монеталары мен банкноттары. (Көрнекі сурет).
Қазақстанның айналымнан шығарылған алғашқы монеталары мен банкноттары. (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ұлттық банкі "Көрнекті оқиғалар мен тұлғалар" сериясы бойынша "Қазақ хандығына 550 жыл" деп аталатын мерейтойлық монетаны айналымға шығарғанын хабарлады.

"Күмістен жасалған монеталардың номиналдық құны 500 теңге, нейзильберден құйылғандары 50 теңге" делінген банк хабарламасында. Күміс монеталар 925-сынамалы күмістен құйылған. Монета салмағы 24 грамм, диаметрі 37 миллиметр болады. Монета 5 мың данамен шыққан. Нейзильбер құймасынан жасалған монеталардың диаметрі 31 миллиметр, салмағы 11,17 грамм болады. Таралымы 100 мың дана.

Ұлттық банктің хабарлауынша, монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Монеталар сувенирлік қаптамаға салынып, Ұлттық банктің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған сапа сертификаты нөмірлерімен шыққан.

XS
SM
MD
LG