Accessibility links

Грекияда дауыс беру қарсаңында тыныштық орнады


Қатаң экономикалық шараларға қарсы шеруге қатысушылар. Афина, 3 шілде 2015 жыл.
Қатаң экономикалық шараларға қарсы шеруге қатысушылар. Афина, 3 шілде 2015 жыл.

Грекияда қатаң экономикалық реформалар жүргізу мәселесі бойынша референдум қарсаңында тыныштық күні жарияланды. Осыған байланысты елде жаппай саяси акциялар мен сауалнамалар өткізу тоқтатылған.

Жексенбі, шілденің 5-і күні өтетін референдумда ел азаматтары халықаралық жеңілдетілген несие алу үшін елде қатаң экономикалық шараларды жүзеге асыру қажет пе, жоқ па деген сауалға жауап береді. Халықаралық негізгі үш кредитор қаржы жағдайы өте мүшкіл Грекияға жәрдем ақша беру үшін экономикада әлгіндей шаралар жүргізу туралы шарт қойып отыр. Испанның El Mundo газетіне берген сұхбатында грек қаржы министрі Янис Варуфакис халықаралық кредиторларды сынға алды. «Брюссель мен «үштік» Грекияны одан ары қорлау үшін өздерімен әріптестікті жақтайтындардың жеңгенін қалайды» деген ол.

Грекия премьер-министрі Греции Алексис Ципрас кешке кешке Афинада ондаған мың жақтастары алдында сөйлеген сөзінде азаматтарды кредиторлар талабына «жоқ» деп айтуға тағы да шақырды. Ал егер қарсыластары жеңіске жеткен жағдайда Ципрас қызметінен отставкаға кетіп, Еуропа Одағы Грекияға қарым ретінде жаңа несиелер мен бұрынғы қарыздың бір бөлігін жоюға келісетін болса, кредиторлар талабына сай, бюджеттің шығыс бөлігін қысқартып, салықты ұлғайтуды жүзеге асыратын басқа үкіметке мүмкіндік беретіні туралы уәде еткен.

Соңғы жүргізілген сауалнамалар нәтижесі бойынша, елде Ципрас пен оның «Сириза» солшыл радикалды партиясын жақтаушылар мен оған қарсылар саны шамамен бірдей. Сайлаушылардың енді бір бөлігі өз ұстанымын әлі айқындамаған.

Кеше Еуропалық қаржы тұрақтылық қоры (EFSF) Грекияны төлемге толық қабілетсіз мемлекет деп жариялаған. Шілденің 1-і күні Грекия халықаралық валюта қорына 1,5 миллиард еуродан аса көлеміндегі несие берешегін төлей алмай дефолтқа ұшыраған.

XS
SM
MD
LG