Accessibility links

Нигерияда екі шабуылдан 44 адам мерт болған


«Боко харам» экстремистік тобы жетекшісі Әбубакар Шекау (ортада) мәлімдеме жасап тұрған видеодан скриншот.

«Боко харам» экстремистік тобы жетекшісі Әбубакар Шекау (ортада) мәлімдеме жасап тұрған видеодан скриншот.

Нигериядағы Плато штатының орталығы Джос қаласында жексенбіде болған екі жарылыстан 44 адам қаза тапқан. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың бірі мейрамханада, екіншісі – мешітте жасалған.

Нигерия төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігінің хабарлауынша, мейрамханадағы шабуылда 23 адам, мешітте – 21 адам мерт болған. Жарылыстардан 47 адам зардап шеккен.

Әзірше бұл жарылыстарға қатысты жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ бұған дейін осы аймақта «Боко харам» экстремистік тобы бірнеше рет шабуылдар жасаған.

Жексенбі күні Нигерияның солтүстік-шығысында шіркеуде өз басын ажалға тіккен терроршы алты адамды опат қылған. Одан бір апта бұрын «Боко харам» содырлары 200-ден аса адамды өлтірген.

Соңғы алты жыл бойы Нигерияның солтүстік-шығыс аймағында «Боко харам» экстремистері қанды қырғындар жасаумен келеді.

XS
SM
MD
LG