Accessibility links

Иракта жарылыстан бейбіт тұрғындар қаза тапты


Ирактың батыс аймағында болған жарылыс. (Көрнекі сурет)

Ирактың батыс аймағында болған жарылыс. (Көрнекі сурет)

Ирак астанасы Бағдаттағы халық тығыз тұратын ауданға абайсызда құлаған бомба жарылып, кем дегенде жеті тұрғын мерт болған. Бұл туралы Ирак қауіпсіздік күштерінің баспасөз қызметкері, генерал Саад Маан хабарлады.

Оның айтуынша, ұшақ базаға қайтып келе жатқанда техникалық ақау шығып, бомбаның бірі өздігінен құлаған.

Ирак әуе күштері бірнеше айдан бері елдің сүниттер тұратын батыс және солтүстік-батыс аймағын толық басып алған "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырларымен соғысып жатыр.

XS
SM
MD
LG