Accessibility links

ИМ-нің Ауғанстандағы жетекшісі қаза тапты


ИМ-нің Ауғанстандағы қанатының жетекшісі Маулави Шахидулла Шахид.

ИМ-нің Ауғанстандағы қанатының жетекшісі Маулави Шахидулла Шахид.

Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі "Талибанның" Пәкістандағы қанатының бұрынғы баспасөз хатшысы, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобына ант берген Маулави Шахидулла Шахид Ауғанстан шығысында әуе шабуылдары кезінде қаза тапқанын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, Шахид 7 шілдеде Нангархар уәлаятындағы Ачин ауданында мерт болған.

Шахид 2014 жылы қазанда Ауғанстанда алғаш болып ИМ-ға бағынатынын ашық жариялаған соң "Талибанның" Пәкістандағы қанатының баспасөз хатшысы қызметінен шеттетілген еді.

Бұдан соң Шахид ИМ-ның "Хорасан аймағы" деп атайтын бөлімінің жетекшісі болған. "Хорасан аймағына" Ауғанстан, Пәкістан және көршілес елдердің біраз бөлігі кіреді.

Ауған қауіпсіздік қызметі бұған қоса әуе шабуылдарынан ИМ-нің Ауғанстандағы операцияларының басшысы Гүл Замн Фатех пен оның орынбасарының да қаза тапқанын айтады.

XS
SM
MD
LG