Accessibility links

Еуролига: "Қайрат" екінші іріктеу кезеңіне шықты


"Қайраттың" ресми ойындары өтетін Алматыдағы Орталық стадион.
"Қайраттың" ресми ойындары өтетін Алматыдағы Орталық стадион.

Алматының "Қайрат" командасы сербиялық "Црвена Звезда" клубын жеңіп, Еуропа лигасының бірінші лигасынан өтті.

Алматыдағы қарымта матчта "Қайрат" серб командасын 2:1 есебімен ұтты. Осыдан бір апта бұрын Белградта өткен матчта да "Қайрат" 2:0 есебімен жеңген.

"Қайрат" Еуропа лигасының екінші іріктеу ойынында армениялық "Алашкерт" командасымен кездеседі. Алғашқы матч 16 шілде күні Алматыда, қарымта ойын 23 шілдеде Арменияда өтеді.

Ал "Ақтөбе" командасы эстониялық "Нымме Калью" клубын жеңе алмай жарысты бірінші іріктеу кезеңінен аяқтады.

Шымкенттің "Ордабасы" клубы израильдік "Бейтар" командасынан жеңіліп, екінші кезеңге шыға алмады.

XS
SM
MD
LG