Accessibility links

Жас сарбазды ұрып өлтірген ефрейтор сотталды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ақтау гарнизоны әскери сотының үкімі бойынша Қазақстан шекара қызметінің ефрейторы Ұлжан Қайсаровты жас сарбаз Жалғас Ақжігітовті ұрып-соғып өлтіргені үшін айыпты деп танып, сегіз жылға бас еркіндігінен айырылды.

Тергеу материалында биыл көктемде шекара қызметінің 2018-әскери бөлімінде 19 жастағы Жалғас Ақжігітовтен 25 мың теңге талап еткен Ұлжан Қайсаров жас сарбазды түн ортасында киім-кешек қоймасына апарып ұрып-соққаны, ауыр соққыдан Ақжігітовтің сол жерде қайтыс болғаны айтылған.

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Жалғас Ақжігітов жарты жылдай Шығыс Қазақстан облысында әскери бөлімде қызмет атқарып, Ақтаудағы әскери бөлімге ауысып барған. Ал ефрейтор Ұлжан Қайсаровтың әскери қызметін аяқтап, үйіне қайтуына санаулы күн қалғанда қылмыс жасаған.

Сотталған Қайсаровтың қорғаушысы әскери соттың үкіміне апелляциялық шағым түсіретіндерін айтқан.

XS
SM
MD
LG