Accessibility links

Қызылордада "азаптауға" қатысты үш полицей сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қызылорда облысында бұрынғы үш полицей "кінәсіз адамды азаптап, жасамаған қылмысты мойындатты" деген айыппен сотталды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Қызылорда облыстық соты баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бұрынғы полицейлер А.Шамбилов, Е. Қожатаев және Б.Шохатаев қылмыстық кодекстің 146 бабы 2 тармағы ("Саналы түрде физикалық және психологиялық жапа шектіру") бойынша үш жылға сотталған.

Сот мәліметінше, бұрынғы полицейлер қалалық ішкі істер департаменті қылмыстық іздеу бөлімінің жедел уәкілі болып тұрған кезінде "жәбірленуші Д.Достановты азаптап, жәбірлеп, психологиялық қысым көрсету арқылы оған жасамаған қылмысын мойындатқан". Ал тергеу кезінде жәбірленуші Достановтың кінәсі дәлелденбеген.

Сот бұған қоса бұрынғы полицейлерді құқық қорғау органдары немесе мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айыруға үкім шығарған.

XS
SM
MD
LG