Accessibility links

ХОК: Алматы мен Пекиннің бірін таңдау қиынға соқты


Медеу мұз айдынын Азия ойындарына дайындау жұмыстары. Алматы, 17 қараша 2008 жыл.

Медеу мұз айдынын Азия ойындарына дайындау жұмыстары. Алматы, 17 қараша 2008 жыл.

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томаш Бах 2022 жылғы қысқы олимпиада өткізу құқығын Алматы мен Пекиннің қайсысына берерін білмей қиналғандарын мәлімдеді. Ол екі қаланың да олимпиадаға дайындық жөніндегі бағдарламалары мен өтініштерін тыңғылықты даярлап келгенін айтқан.

Томаш Бах ХОК мүшелеріне 2022 жылғы қысқы олимпиада өткізу құқығын Алматы мен Пекиннің қайсысына беруді шешу оңай болмайтынын алға тартқан. Бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім Индонезияда биыл шілденің 31 өтетін ХОК отырысында қабылдануы тиіс.

Қазақстан мен Қытайда адам құқығы бұзылатындығына қарамастан бұл екі елді олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ретінде қарастырғаны үшін халықаралық олимпиада комитеті атына қатты сындар айтылған еді.

XS
SM
MD
LG