Accessibility links

Тәжікстанда селден 7 адам мерт болған


Таулы Бадахшан аймағында көшкін мен тасқын салдарынан үйсіз қалғандар тұрып жатқан палаткалар. Тәжікстан, 19 шілде 2015 жыл.

Таулы Бадахшан аймағында көшкін мен тасқын салдарынан үйсіз қалғандар тұрып жатқан палаткалар. Тәжікстан, 19 шілде 2015 жыл.

Таудағы мұздықтардың еруінен болған көшкін мен тасқыннан Тәжікстанның шығысындағы Таулы-Бадахшан аймағында кем дегенде жеті адам мерт болған.

Таулы-Бадахшан облысы әкімшілігінің баспасөз-хатшысы Нулифар Асламшоева Азаттықтың Тәжік қызметіне вице-премьер Азим Иброхим мен аймақ губернаторы Шодихан Джамшедтің тасқыннан көп зардап шеккен Ванч ауданына барғанын айтты.

Бұл ауданда 70 жуық үй, түрлі ғимараттар мен электр желілері қираған. Үйсіз қалған отбасылар арнайы құрылған палаткаларда тұрып жатыр.

Премьер-министр Кохир Расулзода тасқын шығынын 50 миллион АҚШ доллары екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG