Accessibility links

Тәжікстан халықаралық ұйымдардан көмек сұрады


Көшкін болған Таулы-Бадахшан аймағының картасы.

Көшкін болған Таулы-Бадахшан аймағының картасы.

Тәжікстан билігі елде болған көшкін мен су тасқынынан 100 миллион доллардың шығыны келгенін айтып отыр. Бұған дейін Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода шығын көлемін 50 миллион доллардан асады деп мәлімдеген еді.

Таудағы мұздықтардың еруінен болған көшкін мен тасқыннан Тәжікстанның шығысындағы Таулы-Бадахшан аймағында кемінде жеті адам мерт болып, бес адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Тасқыннан қатты зардап шеккен Ванч ауданында 70-ке жуық үй, түрлі ғимараттар мен электр желілері қираған. Баспанасыз қалған отбасылар арнайы құрылған палаткаларда тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG